Топ-баннер
» » Хоккейшілеріміз тарихта алғаш рет Құрлықтық кубокті жеңіп алды

Хоккейшілеріміз тарихта алғаш рет Құрлықтық кубокті жеңіп алды

Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды. «Арлан» соңғы шешуші матчта алаң иелері - ираландиялық «Белфаст Джайантс» командасын 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты.

Кездесудің негізгі кезеңі 2:2 болып тең аяқталды. «Арландықтар» тарапынан Сергей Егоров пен Вадим Ермолаев алғашқы 20 минутта бір-бір шайбадан салса, үшінші таймда Кристофер Хиггинс пен Дастин Джанер есепті теңестіріп кетті. Осылайша негізгі уақытта ойын тең аяқталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал буллитте «арландықтар» мергендік танытып, Құрлықтық кубоктің иегері атанды.

Айта кетейік, «Арлан» қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокке қол жеткізген алғашқы команда. 

Матч shaiba.kz сайтында тікелей көрсетілді. Көкшетаулық команда жарыстың финалында Польшаның «Катовице» командасын 4:2, Беларусьтің «Гомель» командасын 8:2 есебімен жеңді.

15 қаңтар 2019 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 550
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 355

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031