» » АЙЛУННЫҢ АСУЫ

АЙЛУННЫҢ АСУЫ

Рига қаласында 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында таэквондодан өткен Еуропа біріншілігінде он жасар қазақ қызы Айлун Ибраева  абсолютті чемпион атанды. Барлық қарсыласын тізе бүктірген ол чемпионаттың спаринг және тули түрі бойынша алтыннан алқа тақты.


Айлунның ата-анасы қызмет барысымен қазіргі кез­де Таллинде тұрады. Қаршадай бала таэквондомен бірге, 5 жасынан мұзда мәнерлеп сырғанаумен де  шұ­ғылданады. Айлун – егіз. Сыңары – Темірлан хок­кей­ші.
– Немереміздің екеуі де талантты. Айлун мұнан өзге, 2-желтоқсанда Минскіде таэквондодан өткен әлем біріншілігінде ІІ орынды иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан Эстонияның Нарва қаласында өткен Еуропа біріншілігінде жоғары балл жинады. Ол табиғатқа етене жақын. Сурет салу, мүсіндеу мен музыка – Айлунның хоббиі. Ал, Темірланымыз шахматты жақсы ойнайды, – дейді үздік оқушылардың  ата-әжесі жосалылық Серікбай мен Дина Ибраевтар.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
21 желтоқсан 2018 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728