» » Мен соққы жасай бастағанда, ол жоғалып кетті: «Канело» Головкинмен болған екінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Мен соққы жасай бастағанда, ол жоғалып кетті: «Канело» Головкинмен болған екінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

WBC және WBA (Супер) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес «Канело» Геннадий Головкинмен болған екінші жекпе-жектен кейінгі жеңісі әлемнің ең мықты орта салмақтағы спортшысын түбегейлі анықтады деп есептейді. «Канело» бұл туралы Лос Анжелес Таймсқа  берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Мен соққы жасай бастағанда, ол жоғалып кетті: «Канело» Головкинмен болған екінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Сонымен қатар, ол Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығу үшін ешқандай белсенді қадамдар жасауды жоспарламайтын айтты.

Альварес Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында «Біздің міндетіміз – көп соққы жасап, қарсыласты қысу болды. Және біз ол тапсырманы орындадық. Мен бастапқы раундтарда соққы жасай бастағанда ол жоғалып кетті. Сол кеште мен күшті болдым. Нәтиже де күмән туғызбайды», – деді Альварес.

«Канело» Головкиннің DAZN компаниясымен келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне пікір білдіре отырып, «мені Головкиннің қазір не істеп жатқаны қызықтырмайды. Ол қалаған нәрсесін істей алады», – деді. Ал бұл келісім Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегіне жол ашатын келісімшарт болмақ.

«Бірақ оның жұмысы өзінің мәселесі. Мен бес жылдық кепілдікпен келісімге қол қойдым. Енді бізге ең жақсы шайқастарды ұйымдастырып, үздік жекпе-жекке керемет нұсқаларды табу маңызды. Қазір біз Головкин екеуміз өз жолымызбен келе жатырмыз. Бірақ, егер қайтадан кездессек, мен кездесуге дайын боламын. Егер біз екі жекпе-жек өткізсек, неге үшіншісін өткізбеске»,- дейді Сауль Альварес.
Альварес сондай-ақ, екінші орташа салмақтан жоғары көтерілуді жоспарламайтынын айтты.

«Мен үшін бұл мүмкін емес. Себебі, бәсекелестер өлшем бойынша өте көп артықшылыққа ие болады. Тіпті, орташа салмақта болса да, оларда бұл артықшылық бар», – дейді мексикалық чемпион.
09 желтоқсан 2018 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 358
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930