» » ГОЛОВКИН - СОНДЕРС СУПЕР ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ГОЛОВКИН - СОНДЕРС СУПЕР ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

  

Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен отандасы Мартин Мюррей (36-4-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жектен бас тартқаннан кейін алдағы жопары жайлы білді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

3 маусымда Сондерс жарақатына байланысты Мюрреймен 23 маусымда Лондонда өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартты. WBO чемпионы осыған дейін де жекпе-жекті кейінге қалдырған еді.  Мюррей қазіргі уақытта өзіне қарсылас іздеп жатыр. Оның айтуынша, Сондерс жарақатын сылтауратып орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) не мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу үшін жарақатын сылтауратып отыруы мүмкін.  Мюррей 2015 жылы Монакода Головкинмен шарша алаңда кездесіп, 11 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.  
Daily Mail мәліметінше, Сондерс пен оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкин мен не Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін келісіп, Мюрреймен өтетін жекпе-жекен бас тартқан.  "Сондерс - маусым соңына Мюрреймен жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, қыркүйекте "Канело" не Головкинмен жұдырықтасатын болады. Кенеттен Сондерс WBO белбеуінің арқасында орта салмақтағы ең қажетті боксшы бола қалды. Альвареске мықты қарсылас керек, ол келесі жекпе-жегін 15 қыркүйекте - Мексиканың тәуелсіздігі күні Лас-Вегаста өткізеді деп жоспарланған. Ал егер ол Головкинмен жекпе-жек өткізетін болса, онда кездесу күзде Ұлыбритания астанасы Лондондағы футбол алаңдарының бірінде өтуі мүмкін. Головкин үшін бұл абсолют чемпион болу мақсатында жақсы мүмкіндік. Ұлыбританиялық боксшының промоутері Альвареспен не Головкинмен келісімге келмесе, Мюрреймен жекпе-жек өткізуден бас тартпасы анық, - деп жазады Daily Mail.

04 маусым 2018 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 553
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 351

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031