» » АБЫРОЙДЫ АСҚАҚТАТҚАН ҚОС САҢЛАҚ - ГОЛОВКИН МЕН ПОЛТОРАНИН

АБЫРОЙДЫ АСҚАҚТАТҚАН ҚОС САҢЛАҚ - ГОЛОВКИН МЕН ПОЛТОРАНИН

Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар ел абыройын асқақтатып жатыр. Олардың қатарында әдеттегідей кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен шаңғышы Алексей Полторанин бар. 
Шаңғышы Алексей Полторанин Словенияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды. Полторанин классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын алған норвегиялық Йоханнес Хоэс­флёт Клэбо Алексейден 13,2 се­кундқа қалып қойды. А.Пол­то­ра­ниннен 42,8 секундқа кейін кел­­ген швециялық Калле Хальфарссон үздік үштікке жайғасты. Отандасымыз осымен қысқы Олимпиада қарсаңындағы мау­сым­дық жарыстарда төртінші рет жүл­деге ие болды. Осыған дейін ол 17 желтоқсан күні Италияның Тоб­лах қаласында Әлем кубогы ке­зеңін­де 15 шақырым қашықтықта классика­лық тәсілмен ізге түсіп жарысу­да үшінші орын алса, Ленцер­хай­де­де (Швейцария) «Тур де Ски» ке­зең­інде классикалық әдіспен 15 ша­қырым қа­шық­тықта жүгіруде күміс жүл­дегер атан­ды. Сондай-ақ Италияның Валь-ди-Фьемме қала­сында 6 қаңтар күні «Тур де Ски» ке­зең­інде 15 шақырым қа­шық­тық­та клас­­си­калық әдіспен чем­пион атанған еді. Енді Алексей Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Олимпия ойындарында медальдың сың­ғырын естіртсе, қанекей. Бабында жүрген спортшымыз көк Туымызды жел­біретіп, әнұранымызды шырқатса екен деп тілейміз. Сонымен қатар күллі бокс әле­міне әңгімесі жүретін «World­Boxing­News.net» сайты 2017 жылдың ең үздік боксшысын анықтады. Үш үміт­кердің арасынан олар біздің отан­дасымыз Геннадий Головкин­ді таңдапты. Кроуфорд пен Лома­чен­коны шаңына ілестірмеген қазақстандық боксшы өткен жыл­дың үздігі атанды. Атақты ағыл­шын­дық сайттың айтқанымен өзге­лері де келісіп жатқаны айқын. Соны­мен бірге «vringe.com» сайты 2017 жылдың ең айтулы кездесуі Голов­кин мен Альварес арасында өтті деп мәлімдеді. Ең көп қаралған әрі тал­қы­ланған бокс кездесуінің жыры шы­нын айту керек әлі де тарқа­май тұр. Екіжақты келіссөздер жүріп жатқанынан хабардар болып отырған Халықаралық бокс қауым­дастығы Геннадий мен Сауль­дың ара­сындағы қарымта кездесуді мамыр айының 5-іне белгілепті. Мәсе­ленің мән-жайы жақын арада анық­талуы тиіс.
Ермұхамед МӘУЛЕН


24 қаңтар 2018 ж. 1 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930