Мәслихаттар сайлауы
» » Дойбы да денені шынықтырады

Дойбы да денені шынықтырады

Аудандық дене шынықтыру сауық­тыру кешенінде аудандық зағиптар қоғамына 55 жыл толуына және Жосалы корпоративтік қорының 5 жыл толуына орай дойбыдан көз мүгедектері арасында ашық турнир өтті.
Турнирде жан-жақтан келген спортшылар бақ сынасты. Тартысты жарыс нәтижесінде ерлер арасында қызылордалық Тілепбай Әлиев ІІІ орынды, Тойбазар Дүзбаев ІІ орынды иеленсе, айбынды Аралдан келген Ермек Утешов І орынды меншіктеді. Ал, әйелдер арасындағы турнир нәтижесі бойынша қазалылық Қаракөз Тақсырбай ІІІ орынды місе тұтса, жерлестеріміз Күнсұлу Тохпанова ІІ орынды, Райкүл Қайназарова І орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Бидайкүл Байманова, Жасұлан Тілеген, Жолмырза Мырзақұлов пен Урал Алекеевтер арнайы номинациямен марапатталды.

Ая ӘЛИЕВА,
«Қармақшы таңы».
25 қыркүйек 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 502

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30