» » Әлем мергендері Астанада өзара мықтыны анықтауды бастады

Әлем мергендері Астанада өзара мықтыны анықтауды бастады


Елордадағы «Қазанат» ипподромында әлем садақшыларының қатысуымен мергендік бәсекесі басталып кетті. Бұл бәсеке ертең басталатын ІІ «Алтын жебе» халықаралық турниріне жаттығу ретінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қырыққа жуық мергендер жаяу тұрып нысана атудан бақ сынады. Елу метрлік қашықтықтағы нысана атуда алматылық мерген Тұрысбеков Бақтиярдың алдына түскен ешкім болмады. Жиыны 69 ұпай жинаған Бақтияр Тұрысбеков бас жүлде – 300 долларды ұтып алды. Екінші жүлде – 250 долларлық сыйлық 59 ұпай еншілеген Жамбы атудың сұрмергені, тараздық Абзал Тулыбековке бұйырды. Үшінші жүлде – 150 долларды ресейлік садақшы Одиноков Сергей иеленді.

Ертең «Қазанат» атшабарында «Алтын жебе» халықаралық турнирі басталады. Жамбы атудың қызығын тамашалауға асығыңыздар, қадірлі жанкүйер! Турнир бағдарламасы төмендегідей.
30 тамыз
10.00 -12.30 Турнирдің І кезеңі «Азиялық стиль»
12.30 -15.00 Түскі үзіліс
15.00 -15.30 Турнирдің салтанатты ашылуы
15.30 -18.30 Турнирдің ІІ кезеңі «Түрік стилі»
31 тамыз
14.00-17.00 Турнирдің ІІІ кезеңі «Қазақ стилі»
17.00-17.30 Жеңімпаздарды марапаттау. Турнирдің салтанатты жабылу рәсімі
Baq.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031