Мәслихаттар сайлауы
» » «CHESS CHAMPIONS»: АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ

«CHESS CHAMPIONS»: АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ

Оқушылардың зияткерлік қабілетін шыңдау, саламатты өмір салтын насихаттау және шахмат спортын дамыту мақсатында оқушылар үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Chess Champions» атты аудандық шахмат жарысы өтті.
Ақыл мен стратегия сынға түскен сайысқа аудан мектептерінен 15 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың ашылу салтанатына ауданның бірқатар сала өкілдері қатысып, жас шахматшыларға сәттілік тіледі.
Атап айтқанда, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Ержанов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров, білім бөлімінің әдіскері Сейілбек Төлепбергенұлы жарысқа қолдау білдірді.
Ойындардың әділ өтуін төрешілер алқасы қадағалады. Бас төреші – аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің спорт клубындағы шахмат бөлімшесінің жаттықтырушысы Наурыз Ерлепес. Сондай-ақ төрешілер құрамында жаттықтырушы Мәлік Әлжанов пен оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогі Нұрғиса Өтешбаев болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды №111 мектеп командасы иеленсе, ІІ орын №250 мектеп-лицейіне бұйырды. Ал №185 мектеп командасы ІІІ орынға тұрақтады. №273 мектеп командасы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Жекелей тақталар бойынша І тақтада №277 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Айдын Қуанышов жеңімпаз атанса, №275 мектептің 9-сынып оқушысы Дидар Ерланұлы ІІ орын, №273 мектептің 10-сынып оқушысы Ибрахим Акимбаев ІІІ орынға ие болды.
ІІ тақтада №275 мектептің 8-сынып шахматисті Марғұлан Дүйсенбаев үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Ал №273 мектептің 8-сынып оқушысы Муслим Акимбаев ІІ орын, №277 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұрдәурен Ералиев ІІІ орынға тұрақтады.
ІІІ тақтада №79 мектептің 10-сынып оқушысы Наргиз Қонысова жеңіс тұғырынан көрінді. №99 мектептің 9-сынып оқушысы Жансұлу Мұхатаева ІІ орынға, №183 мектептің 10-сынып оқушысы Ақзияда Жұбатқан ІІІ орынға лайық деп танылды.
Бұдан бөлек, жарыста ерекше көзге түскен оқушылар арнайы номинациямен марапатталды. «Үздік ойыншы» аталымы №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Інжумаржан Бижановаға берілсе, «Ең жас ойыншы» номинациясын №183 мектептің 5-сынып оқушысы Нұрсын Жұбатқан иеленді. Ал №274 мектептің 5-сынып оқушысы Исатай Марат «Үздік дебютант» атанды.
«Chess Champions» жарысы оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын арттырып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
Марал АЙМАХАНОВА,
оқушылар үйінің педагог-ұйымдастырушысы
17 қараша 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30