ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ЖАРЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
2026 жылғы 12 қараша күні О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің базасында мектеп оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 5–6 сынып қыздары арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалымжан Ержанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты салтанатты түрде ашып берді.
Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және командалық бірлікті қалыптастыру.
ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:
І орын – №27 мектеп
ІІ орын – №269 орта мектеп
ІІІ орын – №28 орта мектеп
Жарыс барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Спорт – денсаулық кепілі, жеңіс – табанды еңбектің жемісі!















