» » Аққұмда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Аққұмда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

kyzylorda-news.kz Ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Алдаберген Бисеновтің туғанына 100 жыл толуына орай Жалағаш ауданы, Аққұм ауылындағы «Бағдаулет» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар мен ат жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев қатысып, мерейтойлық шараның маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, елге еңбегі сіңген тарихи тұлғаның өнегелі өмір жолын атап өтіп, кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытындағы бастамалардың маңызын атап өтті.
Алдаберген Бисенов – саналы ғұмырын туған жерінің өркендеуіне, ауыл шаруашылығының дамуына және ел игілігі жолындағы еселі еңбекке арнаған тарихи тұлға. Соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерлігі мен бейбіт кезеңдегі қажырлы қызметі арқылы халық құрметіне бөленген қайраткердің өмір жолы – отаншылдықтың, табандылықтың және адал еңбектің жарқын үлгісі. Оның ел алдындағы еңбегі мен азаматтық болмысы бүгінгі ұрпақ үшін құндылығын жоймайтын рухани мұра болып қала бермек.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алдаберген Бисенов атындағы арнайы қаржылай жүлде қоры табысталды.
02 қараша 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30