» » БАТЫР БАБА РУХЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

БАТЫР БАБА РУХЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ


Бүгін Арал көгіндегі дүбірлі тойдың думаны одан әрі ел қорғаған ер, даңқты батыр Сартай Байжанұлының 315 жылдық мерейтойына орай 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнирге ұласты.
№19 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спорт залында ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар қатысып, боз кілемде бақ сынауға жиналды.
Турнирдің ашылу салтанаты қатысушы командалардың салтанатты шеруімен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен жалғасты.
Салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Сартай батыр ұрпақтарының атынан Күшікбай Тобажанов құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға ақ тілектерін арнады. Дүбірлі добаға қатысушы мәртебелі меймандар турнирдің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, қайсарлыққа, намыс пен жігерге тәрбиелеудегі спорттың ерекше рөлін атап өтті.
Тартысты турнирге Атырау қаласының командасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының командасы, Түркістан облысы, Шардара қаласының командасы, Түркістан облысы, Кентау қаласының командасы және Ақтөбе қаласының командасы, Ақтөбе облысы, Алға қаласының командасы, Ақтөбе облысы, Ембі қаласының командасы мен Қызылорда қаласынан арнайы келген жас палуандар қатысуда.
Бұл турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, бабалар ерлігін ұлықтап, ұлттық рухты жаңғыртатын, жас ұрпақтың бойына елдік пен ерлік қасиеттерін сіңіретін тағылымды шара.
Боз кілемге шыққан әрбір жас балуанға сәттілік тілейміз! Болашақ чемпиондарымыз ел намысын абыроймен қорғайтын жалынды азаматтар болып өссін!

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
30 қазан 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031