» » ҰСТАЗДАР СПОРТТА СЫНҒА ТҮСТІ

ҰСТАЗДАР СПОРТТА СЫНҒА ТҮСТІ

Ауданда білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтіп, білім саласының мамандары спорттық бәсекеде өзара бақ сынады. Үш күнге созылған спорттық дода ұстаздар қауымының саламатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спортты насихаттауға және әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Спартакиаданың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім қызметкерлерін жаңа 2026-2027 оқу жылының басталуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол спорттың адам денсаулығын нығайтумен қатар, ұжымдық бірлік пен өзара қолдауды қалыптастырудағы маңызына тоқталды. 2-4 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған жарыста білім қызметкерлері спорттың 9 түрінен сынға түсті. Әр білім беру ұйымының өкілдері өз командаларының намысын қорғап, шеберлік пен ептіліктерін ортаға салды. Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық дайындықтарын ғана емес, ұйымшылдық пен командалық рухтарын да көрсете білді.
Спартакиада – күнделікті білім мен тәрбие саласында қызмет атқаратын мамандардың жұмыс барысынан тыс ортада бас қосып, әріптестік байланысты нығайтуына мүмкіндік берген тағылымды шара болды. Спорт алаңындағы бәсеке ұстаздар арасындағы достық қарымқатынасты арттырып, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Білім қызметкерлерінің белсенді қатысуы аудан көлемінде бұқаралық спортты дамытуға деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғартты. Өйткені балаға саламатты өмір салтын үйретудің ең тиімді жолдарының бірі – оны өз ісіңмен көрсету. Осы тұрғыдан алғанда, спорттық дода ұстаздар үшін ғана емес, олар тәрбиелеп отырған жас ұрпаққа да жақсы үлгі болды.
Аудандық спартакиада өз мәресіне жетіп, білім саласы қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыратын, әріптестік байланысты бекемдейтін маңызды шара ретінде қорытындыланды. Білім мен спортты қатар ұстанған ұстаздар қауымы бұл жолы да ұйымшылдық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Б.МАДИЯР
05 қыркүйек 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 773
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930