» » ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі аудандық прокуратура және аудандық пробация қызметінің қолдауымен пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау және өзара достық қарым-қатынасты нығайту.

Аталған турнирге 3 команда қатысып, жарыс аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткізілді. Қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, белсенділік танытты.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда:
ІІІ орын иегеріне – 10 000 теңге;
ІІ орын иегеріне – 20 000 теңге;
І орын иегеріне – 30 000 теңге табысталды.

Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен қатысушылар «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталып, арнайы қаржылай сыйлықтарға ие болды.
22 мамыр 2026 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930