» » Дәулет Сламовты еске алуға арналған дзюдо турнирі өткізілді

Дәулет Сламовты еске алуға арналған дзюдо турнирі өткізілді


Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Даулет Сламовты еске алуға арналған 2013–2014 және 2015–2016 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық дзюдо турнирі ұйымдастырылды.

Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында өткізілген спорттық шараға облыстың әр өңірінен келген 300-ге жуық жас спортшы қатысып, татами төрінде өзара бақ сынасты.

Сламов Даулет Пайзылдаұлы - жастайынан спортқа ерекше қызығушылық танытқан. Өзінің қысқа ғұмырында спортқа жанашыр болып, кейінгі ұрпаққа қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған азамат ретінде ел есінде қалды. Оның қайырымдылығы мен азаматтық болмысы бүгінгі жас буынға үлгі.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі:
«Осындай тағылымды шаралар арқылы жастарымыздың бойында өткенге құрмет секілді тәрбиелік мәні зор ұғымдар қалыптасатыны сөзсіз.
Құрметті қатысушылар!
Қазіргі өркениетпен үндескен заманда спорттың қоғамымызда алар орны ерекше екендігі белгілі.
Осы тұрғыда толағай батырларды түлеткен топырағы құтты Қармақшы мекенінде Сіздердің арнайы қатысуларыңыз – елге, туған жерге құрмет деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі байрақты бәсекеде озып шыққан жастарымыз ертеңгі күні елдің абыройын қорғап, көк туымызды әлем алдында желбіретеді деп күтеміз»,-деді Диас Асылбекұлы.

Сонымен қатар әулеттің үлкені Тұрар Арыстанұлы да ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.

Мәдени бағдарлама аясында жыр-арнау айтылып, әндер орындалды.

Шара барысында татамиге шыққан жас дзюдошылар өзара салмақ дәрежесінде белдесу өткізіп, көрермен қауымға тартысты ойын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 мамыр 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 047
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031