» » 15 наурыз – референдумға орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

15 наурыз – референдумға орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

15 наурыз күні референдумға орай Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, 15 наурызда өтетін жалпы ұлттық референдумға қатысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Жарыс бағдарламасына асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес және ләңгі тебу спорт түрлері енгізілді. Қатысушылар әр спорт түрі бойынша өзара мықтыларды анықтап, тартысты бәсеке көрсетті.

Шараға аудан тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты.

Ұлттық спорт – ұлттың рухани байлығы мен салт-дәстүрінің көрінісі. Осындай бұқаралық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

02 наурыз 2026 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 061
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031