» » ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Биыл Наурызнама елімізде 14-23 наурыз аралығында тойланады. Әр күннің өз тақырыптық бағыты, дәстүрі мен мәні бар.

Наурызнамада 20 наурыз - Ұлттық спорт күні деп белгіленген. Әрбір ұлттың әдебиетімен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен бірге жасасып келе жатқан құндылықтары бірі — ұлттық спорт.

Бүгін "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының арасында қол күресі, гір көтеру, ләңгі тебу, арқан тартыс ұлттық ойындар түрлерінен спорттық сайыс өткізілді.

БПҰ мүшелері сайыс барысында бір-біріне дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салып, ойынның көркін қыздырды.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы кубок, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Спорттық шараға қатысқан БПҰ мүшелері ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Жарысты қорытындылай келе, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов халқымыздың қайсар рухы мен қажыр-қайраты осы ұлттық спорт түрлерінде жарқын көрініс табады. Тереңнен тамыр тартқан, бабаларымыздың өмір-салтымен біте қайнасқан төл өнеріміз еліміз егемендік алған тұстан бастап қарқынды дамып келеді деп атап өтті.
20 наурыз 2025 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031