Топ-баннер
» » ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДЫҢ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДЫҢ МАУСЫМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жуырда Жыраулар үйінде аудан спортының мерейін өсірген тағылымды кеш өтті. Аудандық футбол федерациясының салтанатты марапаттау рәсімі – маңдай тер мен қажырлы еңбектің, жарқын жеңістердің шынайы мерекесіне айналды. Кешке аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, аудан спортшылары мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты шара тек жеңімпаздарды марапаттау емес, аудан футболының жүріп өткен жолын таразылап, алдағы белестерін айқындайтын маңызды жиын болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығының кепілі екенін атап өткені белгілі. Расында да, бұқаралық спорт – елдің еңсесін тіктейтін, жастардың жігерін жанитын қуатты құрал.
Жиында аудандық футбол федерациясының президенті Әділ Қошалақов сөз алып, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
– Қармақшы елі – жүз жыраудың ғана емес, жүз спортшының да мекені. Ауданда бұқаралық спорт жүйелі түрде дамып келеді. Соның ішінде әуесқой футболға айрықша көңіл бөлінуде. Жыл сайын тұрақты лига ұйымдастырылып, мықты командалар қалыптасуда. Облыстық жарыстарда аудан намысын қорғап жүрген спортшыларымыз биіктен көрінуде. Сондықтан әрбір ойыншының еңбегі – құрметке лайық, – деді федерация басшысы.
Салтанатты кеште қысқы маусым қорытындыланып, үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Командалық есеп бойынша ІІІ орынды «АНК-Дәулет» иеленсе, ІІ орынды «Тұран» командасы, ал І орынды сенімді ойын өрнегімен «Барыс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы кубок пен қаржылай сертификаттар табысталды. Бұл марапат – алдағы жарыстарға деген жігер мен сенімнің белгісі болмақ.
Қармақшы аудандық футбол федерациясы 2019 жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында бұқаралық спортты дамытуға, жас таланттарды қолдауға, футбол мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Федерация заңды түрде тіркеліп, статистика және салық органдарында есепке алынған. Құрылған күннен бастап ондаған жарыс ұйымдастырылып, жүздеген жас спортшы үлкен спортқа жол тартты.
Жеті жылдан астам уақыт ішінде федерация бес мәрте футзалдан қысқы чемпионат өткізді. Ал былтырғы жылы ауданда алғаш рет жазғы чемпионат ұйымдастырылуы – тың бастамалардың жарқын көрінісі. Бұл – футболдың тек маусымдық емес, жыл бойы дамып келе жатқанын айғақтайды.
Аудан құрамалары облыс көлемінде де табысты өнер көрсетіп жүр. 2019 жылы облыс чемпионатында «Қармақшы», «Қорқыт елі» командалары екінші орын иеленсе, биыл Қызылорда әуесқойлар лигасында топ жарып, чемпион атанды. 2021 жылы Тереңөзек әуесқойлар лигасында ІІІ орын, 2022 жылы Қызылорда қаласындағы қысқы чемпионатта тағы да ІІІ орын, 2023 жылы ІІ орын иеленді. Ал 2024 жылы әуесқойлар лигасында чемпион атанып, Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.
Федерация жұмысы қыс мезгілінде мектеп спорт залдарында футзал форматында өтсе, жаз айларында аудандық орталық стадионда жалғасады. Жыл сайынғы лигаға он шақты команда, жүзге жуық спортшы қатысып, жасыл алаңға жаңа есімдер қосылуда. Әр ойын – жаңа тарих. Әр пас – сенім. Әр гол – табандылық пен төзімнің нәтижесі.
Аудан футболының дамуына қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың еңбегі ерекше. Аудандық лигалардың тұрақты өтуіне демеушілік жасап жүрген Дәулет Аппазұлы, Нұрдидар Дастанбекұлы, Самат Қабидуллаұлы, Нұрбол Мұқашұлы, Рабиға Жайбергенқызы, Ибрагим Нәбибекұлы сынды жанашыр азаматтар – спорт мерейінің үстем болуына ықпал етуде. Сонымен қатар аудан әкімдігі, білім бөлімі және спорт бөлімі де тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Жас таланттарды бір арнаға тоғыстырып, ел болашағына қызмет етіп жүрген Әділ Қошалақов басшылық ететін аудандық футбол федерациясы – бірліктің ұйытқысы.
Федерацияның басты мақсаты – бұқаралық спортты кеңінен дамыту, жастарға мүмкіндік беру, қасиетті Қармақшы топырағынан футбол тарихын жаңартатын жаңа есімдерді шығару. Бұл – нақты жоспар мен жүйелі еңбектің нәтижесінде жүзеге асып келе жатқан мақсат.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 ақпан 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 474
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728