Топ-баннер
Топ-баннер2
» » СПОРТ ЖЕҢІСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ: ЕРАСЫЛ СӘУЛЕБЕКОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СПОРТ ЖЕҢІСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ: ЕРАСЫЛ СӘУЛЕБЕКОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз Ерасыл Сәулебековті арнайы қабылдады.

Өз сөзінде аудан басшысы: “Ерасыл – Қармақшының мақтанышы. Бұл жеңіс – тек спорттық табыс емес, жастарымыздың биікке ұмтылуына үлгі болатын тарихи сәт. Аудан атынан сіздерге алғыс айтып, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін,” – деп атап өтті.

Аудан әкімі халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан Ерасылға Алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін жеке бапкері Айдар Ералиевке де құрмет көрсетілді.

Шара барысында Қармақшы ауданының мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, Ерасылдың жеңісі – аудан ғана емес, күллі Сыр өңірінің мерейін үстем еткен үлкен жетістік екенін жеткізіп, жас спортшымызға баталарын берді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қармақшы ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ауыр атлетика бөлімі 2014 жылдан бастап құрылып, әлем және ел біріншіліктерінің жеңімпаздары тәрбиеленіп шығуда. Бүгінде онда 50-ге жуық жас спортшы кәсіби деңгейге жету жолында еңбек етіп келеді.

23 шілде 2025 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 364

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031