» » СПОРТШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

СПОРТШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ


Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықов ауыр атлетикадан Перу мемлекетінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Ерасыл Сәулебековті қабылдап, жеңісімен құттықтады.

«Биыл аудан спортшылары үшін жемісті де жеңісті жыл болып тұр десек қателеспейміз. Себебі еліміздің көк байрағын желбіретіп шаршы алаңға шыққан спортшыларымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетуде.

- Тау көтерген толағай Ерасыл өзінің жастығына қарамай көптеген белестерді бағындырып келеді. Атап айтар болсақ, ол жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы,
20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері,
Қазақстан Республикасының 9 мәрте рекордшысы.
Бұл әрине бір күнде қол жеткізетін жетістік емес. Ерасыл әлемдік додада топ жару үшін жаттығуларда тынбай еңбек етіп, бапкердің айтқан ақыл-кеңестерін екі етпей орындады деп ойлаймын. Спорт бәсекелерінде жеңіске жеткен Ерасыл мен тілеулес ата-анасын аудан халқы атынан құттықтаймын, – деді Шыңғыс Әбділәмитұлы.

Қабылдауға Ерасылдың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Ералиев қатысты.

Құрлықтың бәсекеде жеңіске жеткен спортшыны Қазақстан Республикасының "Құрметті спорт қайраткері" Еркін Атабаев та құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

17 мамыр 2025 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031