» » ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабарошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды.
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм, білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер Әнуарбек Өміров, Нұрлыбек Айсауытов, Рақымжан Доспанов және Алтай Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұрлыбек Сайымов, аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Ерманов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Әділхан Ерекешов қатысты.
Шарада аудандық мәслихат төрағасы Ә.Үсенұлы сөз сөйлеп, ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанған олардың қаһармандыққа толы қайсар ерліктері бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге болып қала беретінін жеткізіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа жалпы білім беретін мектептерден 7 командадан 500-ге жуық спортшы қатысты. Спорттың 8 түрін қамтыған спартакиа дада ұлдар және қыздар арасында волейбол, баскетбол, қол добы, асық ату мен бес асық, қол күресі, үстел теннисі, АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан сайысқа түсті.
Сайыс нәтижесінде жалпы командалық есепте 67 ұпаймен І орын №250 мектеп-лицей командасына бұйырды. 52 ұпаймен жүлделі ІІ орынды №105 мектеп-лицей командасы еншіледі. Ал ІІІ орынға 51 ұпаймен №26 орта мектеп командасы жайғасты.
Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ермек Наренов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Ерманов қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталды.
«ҚТ» ақпарат
18 ақпан 2025 ж. 1 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930