» » Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
97 келі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ирандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Былтыр Айтмұхан ересектер арасындағы әлем чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді. Бұл – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы алтын медаль.
Биыл 20 жастағы Айтмұхан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да әлем чемпионы атанды. Ол болашақта Олимпиада алтынын жеңіп алу үшін бар күш-жігерін салатынын уәде етті.
Еске салайық, бұған дейін 26 қазанда Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласатынын жазған едік. Алғашқы айналымда канадалық Каллум Уильям Нокты, екінші белдесуінде польшалық балуанды және жартылай финалда ресейлік Имам Гаджалиевті 7:4 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. 
28 қазан 2024 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 372
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728