» » Қызылордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Қызылордалық спортшы Азия чемпионы атанды



Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен қызылордалық Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақта алтын медальді жеңіп алып, үшінші мәрте Азия чемпионы атанды.⠀
Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысын 10:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда ирактық қарсыласын 7:2 есебімен, финалда ирандық спортшы Мехди Нижадты 8:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұл Қазақстан командасының екінші алтыны.
Бұған дейін Айдос Сұлтанғали 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылы Бүкіләлемдік әскерилер ойынының қола жүлдесін иеленген болатын.
Айдос Сұлтанғалиды жарысқа білікті бапкер Ғабиден Райымбек дайындады.
Сонымен қатар ертең боз кілемге әйелдер күресінен Асылзат Сағымбай (53 келі) шықса, 17 сәуір күні еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Ғалымжан Өсербаевтар (79 келі) өнер көрсетеді.


15 сәуір 2021 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031