» » Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт қазақстандық жүлдегерлер атанды.
2 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың сегізінші күнінде еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстандық балуандар ел қоржынына 4 жүлде салды. Ел құрамасынан Камиль Куруглиев (97 келі) финалда өзбек Айназар Базарбаевпен кездесті. Сайыс барысында қарсыласын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды. Ал Мерей Базарбаев (57 келі), Мұхаметәлі Қабидолданов (70 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі) қола жүлдегер атанды. Бүгін 20 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен 61, 74, 86, 92 және 125 келіде жүлделер сарапқа салынады.
20 шілде 2023 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

04 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 637

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031