» » Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастады

ҚР Ұлттық ұланы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі еркін стильдегі балуан Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қазақстан спортшысы 62 000-нан астам ұпай жинады. Грузин Мириани Майсурадзе рейтингте екінші тұр, ал Әзербайжан өкілі Осман Нурмагомедов үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, отандасымыз қыркүйек айында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен ел тарихындағы алғашқы «алтынды» жеңіп алған еді. Белградта өткен әлем чемпионатындағы шешуші жекпе-жекте Ризабек Айтмұхан Осман Нурмагомедовтен 0:2 есебімен жеңіліп жатып, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алған болатын.
Айта кетейік, қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тумасы. Осы жылдың жазында ол Ұлттық ұлан қатарына мерзімді қызметке шақырылды. Бүгінде ол Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып жүр.
02 қараша 2023 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 334

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031