Құрылтай
» » Дубайдағы әлем чемпионатында қазақстандық екі каратэші жүлде алды

Дубайдағы әлем чемпионатында қазақстандық екі каратэші жүлде алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің атынан 4 спортшы қатысып, екеуі жүлдегер атанды. 


Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлемдік доданың қола медальін жеңіп алды. Ол 3-орын үшін өткен кездесуде сербиялық Ивана Перовичті ұтты.
Ал ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, үздік үштіктің қатарына енді.
Бұл 20 жастағы спортшының ересектер арасындағы ең үлкен жетістігі.
Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай украиналық спортшыдан, ал 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай морокколық қарсыласынан жеңіліп, төртінші орын алды.
Бұдан бөлек Қазақстанның ерлер командасы қола жүлдеге таласады.
21 қараша 2021 ж. 1 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31