» » МАҚСАТЫ АЙҚЫН МЕЙІРЖАН

МАҚСАТЫ АЙҚЫН МЕЙІРЖАН

Республика күні – ұлттығымызды айқындай түсетін мейрамның бірі. Сондықтан да бұл мерекенің жөні ерекше. Егемендігімізді айқындайтын көк аспан түсті Туымыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз біздің баға жетпес құндылықтарымыз. Мереке қарсаңында осы құндылығымыздың құнын асырып, Қазақстан атты елдің атынан түрлі додада топ жарып жүрген жерлестеріміз туралы жазбақпыз. Қасиетті Қармақшы жерінде ел намысын қорғап жүргендер жетерлік, әрине. Алайда біздің бүгінгі кейіпкеріміздің жөні бөлек.
Шынтуайтына келер болсақ, шетелде еліміздің Әнұраны шырқалып, Туы көтерілетін екі ғана себеп бар. Біріншісі – Мемлекет басшысы шетелге іс-сапармен барған кезде, екіншісі – спортшы жеңіске жеткен кезде екені белгілі. Өз еңбегімен елге танылып, көпті мойындатып жүрген жанның бірі – Мейіржан Мақшат.
– Спортқа бала кезімнен қызығушы едім. Оқыс жағдай орын алмаған кезімде волейбол ойнадым. Күтпеген жайттан кейін бір қолымнан айырылғанда өзімнің бұл ойынды жалғай алмайтынымды біліп, спорттан біраз алыстадым. Ортаға біраз уақыт салып үстел теннисімен, футболмен айналысып көрдім. Сосын өзіме ұнайтын жүгіру спортын таңдадым. Яғни пара жеңіл атлетиканы 2016 жылы Қызылордадағы Юрий Викторович есімді жаттықтырушымен бастадым. Осы ұстазымның командасына қосылып, 8 жылдан бері түрлі сайыста бақ сынап, жеңіс туын желбіретіп жүргеніме қуаныштымын, – дейді Мейіржан.
Ол желаяқтығының, спортқа деген сүйіспеншілігінің, табанды еңбегінің арқасында бүгінде біршама белесті бағындырған. Әлемнің бірнеше елінде болып, бабы мен бағын сынаған. Нақтырақ тоқталсақ, Пара жеңіл атлетикадан спорт шебері Ирландия, Қытай, Чехия, Португалия, Өзбекстан елдерінде жеңіс төрінен көрінген. Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ биыл жүгірумен қоса, алғаш рет ұзындыққа секіруден бақ сынап, одан да бірінші орынды иеленген.
Өзінің қайсарлығымен, ерік-жігерінің мықтылығымен биіктерді бағындырып келе жатқан атлет отбасының қолдауы ерекше екенін айтады. Сондай- ақ спортшы жеңіс төрінен көрінемін деген жанға ешнәрсенің кедергі болмайтынын да атап өтті.
– Менің спортқа деген құлшынысым қолымнан айырылсам да тоқтаған емес. Қандай қиындық болса да өзімді қолға алып, тек алға ұмтылдым. Бұл әлемде шектеу жоқ. Шектеу тек біздің миымызда ғана. Қандай жағдайда да жалқаулыққа, еріншектікке жол бермеу керек. Әрбір спортшыға қайсар мінез және тоқтаусыз еңбек қажет. Сонда ғана ойлаған мақсатқа, діттеген межеге жетуге болады. Менің алдағы жоспарым – 2028 жылы өтетін пара олимпиадада құмға секіру бойынша жеңіс төрінен көріну, – дейді қайсар спортшы Мейіржан Қалданұлы.
Спортты өміріне серік еткен Мейіржан отбасының сенімі мен қолдауы бірінші орында екенін айтады. Қайсар атлет бүгінде жары екеуі 2 перзент тәрбиелеп отыр. Жас болса да көргені мен білгені, бағындырған биігі мол спорт серісінің мақсатына жетеріне сенім мол. Себебі онда спортқа деген зор құлшыныс пен қазаққа тән қайтпас қайсар мінез бар.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
25 қазан 2024 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031