» » Данияр Елеусінов Головкиннен де асып түсе ме?

Данияр Елеусінов Головкиннен де асып түсе ме?



Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов болашақта өзінің отандасы Геннадий Головкиннен де асып түсуге алдына үлкен мақсат қойып отырғанын мәлім етті. Лайым солай болсын дейік. Қазақ боксшысы елдің атын шығарып жатса, неге қуанбасқа?!
–Геннадий Головкиннің есімі қазқстандықтарға жақсы таныс. Қазақстан туралы айтқанда, ең алдымен адамдар GGG –ді есіне көбірек алады. Қазақстан жайлы сөз болғанда, менің де есімім аталса деймін және оның жүзеге асатынына кәміл сенемін. Головкин барлық боксшылар үшін есікті айқара ашты, сондықтан біз де бокстың әлемдегі жарқын болашағы туралы ойлаймыз. Бірақ менің өз жолым бар. Арманым –бокстан теңдессіз абсолютті чемпион атану. Сол арқылы елімнің атын шығарсам деймін. Екіншіден бәрі де ойдағыдай болса, кәсіби бокс саласында ұзағырақ жүрсем деген ойым бар. Мен боксты,  өз жұмысымды жақсы көремін.
Менің аты-жөнімді Еуропа, АҚШ, бүкіл әлем көбірек білсе деймін. Сол үшін жанкешті жұмыс істеймін.  Маған Британиядағы бокс пен жергілікті жұрттың  қарым-қатынасы ұнайды – дейді кәсіпқой боксқа бет алған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.
Бұған дейін жерлесіміз 28 сәуір күні Нью-Иоркте америкалық Ноа Кидті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңгені белгілі.
Енді қазақ боксшысы өзінің екінші кездесуін 6 маусым күні түнде Лондондағы York Hall аренасында венгрлік Габор Горбичпен өткізеді. Аталған жекпе-жек  Астана уақыты бойынша тікелей эфирден 01:55-те көрсетіледі.
03 маусым 2018 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930