» » Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегін Лондонда өткізеді

Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегін Лондонда өткізеді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін 6 маусым күні Лондонда өткізеді. Қарсыласы әлі анықталған жоқ. "York Hall" орталығында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде чемпиондық атақ үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) жұдырықтасады. 27 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

04 мамыр 2018 ж. 1 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031