» » Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңді.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп шықты.
22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен. 1 кездесуін тең аяқтаған.
Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды.
Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.
Данияр Елеусінов шаршы алаңға шыққан бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық боксшы Дэниель Джейкобс пен поляк Мацей Сулецкий жұдырықтасады.
30 сәуір 2018 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9842)

19 қараша 2019 ж.

№89 (9841)

16 қараша 2019 ж.

№88 (9840)

12 қараша 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930