» » Елеусіновтің екінші кездесуі – 6 маусымда

Елеусіновтің екінші кездесуі – 6 маусымда

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 6 маусымда өтетін бокс кешін асыға күтуде. Лондондағы York Hall-да отан­дасымыз Данияр Елеусінов жұды­рықтасады.
Бокс кешінің хедлайнерлері Уоткинс пен Лоуренс, Елеусінов, Белотти, Чизмен, Кэш және өзге де кәсіби боксшылар кард­та шығады. Алты раундқа жоспарла­нып отырған жекпе-жекте Даниярдың қарсы­ласы кім болары белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, Данияр кәсіби бокстағы алғаш­қы кез­десуін 28 сәуір күні америкалық Ноа Кид­пен кездескен еді. Үшінші раундта қазақ­­стандық боксшы қарсыласын но­каут­қа жіберіп, алғашқы жеңісіне қол жет­кізді. Сонымен бірге, жақында Данияр­дың жат­тық­тырушысы да белгілі болды. Бапкерді белгілеу де – оңай шаруа емес. Ақыр соңында таңдау белгілі америкалық маман Джон Джексонға түскен. Бүгінде төртінші жаттығуы өтіп жатқаны жайлы боксшының менеджері Зия Алиев айтқан болатын. Джексон Елеусіновтің ағасы Дәуренді де жаттықтырады. Сондай-ақ Джонның солақай болғаны, бокста үлкен тәжіри­бесі­нің болуы да шешім қабылдауға әсер еткен.
11 мамыр 2018 ж. 1 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930