» » Бозкілемнің батыры

Бозкілемнің батыры

Жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттау, балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында өтетін «Бала барысы» байрақты бәсекесі өз мәресіне жетті. Айта кетейік, бұл сайыс осымен үшінші мәрте жалауын желбіретіп отыр. Турнирдің дәстүрлі сипат алуы – қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларын айғақтай түседі.
Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағынан 32 жасөспірім қатысқан жас балуандар додасы «Еуразия» спорт кешенінде өтті. Иығына қасқыр терісін ілген жас балуандар өз қарсыластарын «соқыр» жеребе арқылы анықтады.
Жарысқа 2009-2010 жылғы жасөспірімдер қатысып, 50 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Бірінші кезекте қарсыластар жеребе тарту арқылы анықталып, әрі қарай 8-ден 1, ширек финал, жартылай және ақтық сайыстарда мықтылар анықталды. Бозкілемге кіші жасөспірімдер шыққан соң регламентте аз-кем өзгерістер болды. Ережеге сай түйе палуандар 5 минут күресу керек болса, жасөспірімдер 3 минуттық белдесу өткізді. Ал жекпе-жектің әділ өтуі үшін кәсіби төрешілер қазылық етті. Бапкерлердің айтуынша, осындай додаларда көзге түскендері облыс құрамасына өтеді. Содан болар, кілемдегі әрбір белдесу финалға бергісіз тартысты болды.
Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын (50 мың теңге) және «Қола белбеу» «Көкбөрі» лақап атын иеленген Жалағаш ауданынан Ерсұлтан Сұлтанбековке бұйырды. Жалағаш ауданынан Әлинұр Сәрсенбай («Ошақты») ІІ орын (100 мың теңге) мен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, І орын (200 мың теңге) және «Алтын белбеуді» жерлесіміз «Семетей» Әлихан Әлиасқаров жеңіп алып, арнайы жасалған алтын «Тайтұяқты» қанжығасына байлады.
Әлихан батырымыз осылайша үш дүркін «Бала барысы» атағын иемденді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
12 қазан 2024 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031