» » Бала барыстар бақ сынады

Бала барыстар бақ сынады

qarmaqshy-tany.kz Қашан да қызылордалықтардың қазақ күресінен байрақты бәсекелерде бәсі биік. Күресті кеңінен дәріптеп, болашақ барыстарды шыңдауға бағытталған турнир елімізде алғаш рет өткен жылы Сыр өңірінде ұйымдастырылған еді.
Жуырда облысымыздың 85 жылдығына орай Қызылорда қаласында «Бала барысы» біріншілігі өтті. Балуандар додасының ашылуына қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Сайыпқыран ерлердің лайықты ізбасарлары сіздер барда қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенемін. Алдағы уақытта "Бала барысы" турнирінде айрықша күш-жігерімен танылған жас балуандар көптеген дүбірлі додаларда Алашқа олжа салады деп ойлаймын», – деді қала әкімінің орынбасары.

Аймақ бойынша 34 жасөспірім қатысқан жарыста бозбалалар бозкілемде барын салып, белдесулер талас-тартысқа толы болды. Байрақты бәсекеде «Семетей жалыны» лақап атымен шыққан қармақшылық Әлихан Әлиасқаровтың асығы алшысынан түсті. Ол осымен екі дүркін «Бала барысы» атағын қанжығасына байлады. Сонымен қатар 200 мың теңгенің сертификаты мен арнайы жасалған ауыспалы «ТайтұяқтыW еншіледі. Ақтық сында қарсыласына есе жіберген «Баймолда ұрпағы» лақап атымен Баймолда Исламбек ІІ орын мен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, ІІІ орын «Сыр Қажымұқаны» лақап атын иеленген жаңақорғандық Байзақ Қажымұқанға бұйырды. Ал «Бахадүр» лақап атымен қызылордалық Болатбек Абылайхан «Көрермен көзайымы» атанды.

Жас балуан жарысқа күні-түні дайындалғанын айтады. Әлихан Әлиасқаров болашақта Мақсат Исағабылов, Еламан Ерғалиев сияқты «Қазақстан барысы» атағын алған ағаларының жолын жалғастыруға ниетті. Сыр елінің тумалары – бүгінде қазақ күресінде өзіндік орны бар балуандар. Енді «Бала барысы» атанған Әлихан ағаларының жолын қумақ. Осындай өрендер барда қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенеміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 қыркүйек 2023 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930