» » Жас балуанның жеңісі

Жас балуанның жеңісі

Қызылордада «Балалар жылы» және «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Бала барысы – 2022» байрақты бәсекесі өтті. Облыс аумағынан 2009-2010 жылғы 30-ға тарта жас балуан боз кілемде белдесіп, өзара бақ сынасты. Бір ескерерлігі, бұл сайыс кіші жасөспірімдер арасында ұлттық спортымызды насихаттау, балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында облыс аймағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Додаға «Абай-Дәулет», «Ер-Ару», «Шаған құрылыс заттар» компаниялары демеушілік жасады.

Иығына қасқыр терісін ілген жас балуандар боз кілемге спорт кешенінің ішіне бір-біріне қарама-қарсы тігілген қос киіз үйден шығып, өз қарсыластарын «соқыр» жеребе арқылы анықтады. Сайыс көркін қыздырған белдесуде бір-бірінен өткен мықты балуандар барын салды. «Бала барысынан» үміткер өрендердің қай-қайсысы да осал болған жоқ. Тартысты бәсекенің нәтижесінде үздіктер қатарынан көрініп кіл мықтылардың сайысқан балуандар додасында қармақшылық Әлихан Әлиасқаров І орынды қанжығасына байлап, «Бала барысы» атанды. Оған сыйлыққа тайтұяқ пен Алтын белбеу және 150 мың теңге сыйақы берілді. Сонымен қоса «Жанқылыш» лақап атымен қатысқан тағы бір жерлесіміз, қармақшылық Бақытжан Архар «Көрермен көз-айымы» атанды. Қала әкімдігі ұйымдастырған Ұлттық спортымызды насихат тап, жас балуандарға жігер беріп, теледидардан ғана көретін ғажап аураны сезіндірген байрақты бәсеке жыл сайын өткізілетін дәс түрлі додаға айналмақ.
«Қт» ақпарат
12 қазан 2022 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 560
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930