» » Бала Барыстар боз кілемде белдесті

Бала Барыстар боз кілемде белдесті

Қызылордада қала күні аясында тұңғыш рет «Бала барысы» байрақты бәсекесі ұйымдастырылды. Облыс аумағынан 30 жасөспірім қатысқан жас балуандар додасына бірқатар компаниялар демеушілік жасады.
Сайыпқыран ерлердің лайықты ізбасарлары қатысқан «Бала барысы» турнирінде шаһар басшысы Асылбек Шаменов шараның салмаған саралады.
- Сіздерге қарап тұрып қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенемін. Алдағы уақытта «Бала барысы» турнирінің дәстүрлі сипат алуына жүйелі жұмыстар жасалып, бұл байрақты бәсекеде айрықша күш-жігерімен танылған темір қанат жас түлектер көптеген дүбірлі додаларда Алашқа олжа салады деп ойлаймын, – деді А. Шәменов.
Иығына қасқыр терісін ілген жас балуандар боз кілемге спорт кешенінің ішіне бір-біріне қарама-қарсы тігілген қос киіз үйден шығып, өз қарсыластарын «соқыр» жеребе арқылы анықтады.
Жарыстың нәтижесінде «Жанқылыш» лақап атымен қатысқан қармақшылық Бақытжан Архар «Көрермен көзайымы» атанса, ІІІ орын 50 мың теңге және «Қола белбеу» «Ақұдай» лақап атын иеленген Қызылорда қаласынан Исламбек Баймулдаевқа бұйырды. Жартылай жеңіс ұпайымен алда тұрып, соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберген «Жаңақорған барысы» Дінмұхамед Ержанов ІІ орын 100 мың теңге мен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, І орын 150 мың теңге және «Алтын белбеуді» қармақшылық «Семетей» Әлихан Әлиасқаров жеңіп алып, арнайы жасалған ауыспалы «Тайтұяқты» қанжығасына байлады.

08 қазан 2022 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031