» » ЖЕЛАЯҚ ЕГІЗДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

ЖЕЛАЯҚ ЕГІЗДЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түпқазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ.
Иә, қазіргі қоғамда көзі ашық жас көп. Олар үнемі ізденісте, дамудың үстінде жүргені көңіл қуантады. Әсіресе саулықты серік етіп жүр- гендер жетерлік. Солардың бірі қармақшылық егіздер – Қымбат, Сымбат Мырзашқызы.
Өткен айда аудан бойынша бес шақырымға жүгіруден жарыс өтті. Сонда қыздар арасында егіздердің бірі І орын алса, енді бірі жүлделі ІІІ орынды иеленген-ді. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Бұған дейін де талай республикалық жарыста топ жарған қыздармен сол кезде тілдесудің сәті түскен еді.
– Спортқа 5-сынып оқып жүргенде келдік. Аудандағы No15 олимпиадалық резервтің маман- дандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде шынығып келдік. Жаттықтырушыларымыз Мұрат Кетебаев пен Рашида Сарбасова. Өткен жылы Алматыда 2008-2009 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі ІІ және ІІІ орынды иеленіп қайттық, – дейді Сымбат.

Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулық тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болуы екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы. Қыздардың бойында да осындай қасиет бар. Сол себепті болашағын спорт саласымен байланыстырғысы келеді.
– Биыл қыздарым 9-сыныпты жақсы бағамен аяқтады. Жандарына жақын болған спорт саласына оқуға түсуді қалап отыр. Түркістан қаласына дене шынықтыру мамандығына құжаттарын тапсырды. Өзім алтын алқалы анамын. Егіздерім – үйдің кенжесі. Олардың бойында табандылық пен қайсарлық бар. Осы қасиеттері мен жаттықтырушыларының еңбегінің арқасында жетістікке жетіп жүр, – дейді егіздердің анасы.
Спортты серік еткен сұлулардың бірі Сымбат жүгіруден, спорттық жүрістен Қазақстан чемпионатының алтын, күміс, қола жүлдесін иеленген. Ал Қымбат болса спорттық жүрістен Қазақстан чемпионатының күміс пен қола жүлдегері атанып жүр.
Әлемде спортты отбасылық өнерге айналдырғандар көп. Әсіресе, бір күнде, бір сағатта туған егіз спортшыларға жұртшылықтың ықыласы ерекше ауатыны бар. Елімізде спорт сахнасында жүрген егіздер тіптен аз десек те болады. Ал олардың қатарына қармақшылық қос қыздың қосылып келе жатқаны қуантады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 шілде 2024 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031