» » Жоғары жетістік жеңіске бастар жол

Жоғары жетістік жеңіске бастар жол

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екенін бәріміз білеміз. Онымен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгеріс өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Олардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп негізі – қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, берері көп. «Бірінші байлық – денсаулық» дегендей, ал сол денсаулықтың кепілі спорт.
Аудан бойынша өткен жылдың қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 20 495 адам, аудан халқының 39,3 пайызын құрады. Тұрғындар 12 олимпиадалық (ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футбол, көгалдағы хоккей), 4 ұлттық спорт түрі (бес асық пен асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ), 7 олимпиадалық емес спорт түрімен (белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо күресі, шахмат) шұғылданады.
Жалпы аудан көлемінде балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерінде және спорт клубта барлығы 2640 жас пен жасөспірімдер қамтылып отыр. №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде 1292 оқушы спорттың 14 түрімен шұғылданады. Оларды 36 адам жаттықтырады. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы және Төретам кенттерінде, Қармақшы және Дүр Оңғар ауылдық округінде, Байқоңыр қаласында жұмыс істейді. Мұнда ауыр атлетика, баскетбол, бокс, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, каратэ-до, таэквондо, футбол, үстел теннисі, кикбоксинг, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлері бар. Ал №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 814 оқушы спорттың 10 түрімен жаттығады. 22 жаттықтырушы бапкерлік етеді. Аталған спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Қуаңдария, Т.Көмекбаев, Дауылкөл, Алдашбай ахун ауылдық округтерінде жұмыс істеуде. Мектеп шәкірттері бокс, гандбол, дзюдо, футбол, гір спорты, белбеу, қол күресі, самбо, қазақ күресі және асық спортымен айналысады.
Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда 534 оқушы (өткен жылы 315) спорттың 14 түрі бойынша жаттығуда. Клубта жас спортшылар дзюдо, самбо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, белбеу күресі, асық, шахмат, волейбол, таэквондо, футбол, қол добы, баскетбол, президенттік көпсайыс және көгалдағы хоккей сынды спорт түрлерімен шұғылданады.
Аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 18 алтын, 15 күміс, 18 қола медальді жеңсе, Әлем біріншілігінде 4 алтын (Е.Сәулебеков, А.Мұхамедияров), 4 қола (Т.Дінмұхаммед, Ә.Рүстемова, Ә.Саят, Е.Кенжебек), Азия чемпионатында 2 алтын (Ә.Рүстемова), 1 күміс (Д.Алтай), 3 қола медальді жеңіп алды (Ә.Саят, Ә.Қалжанов, Ұ.Сейлова). І разряд нормативін 11 спортшы, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер 132, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын 4 спортшы (Р.Келманов, Ә.Рүстемова, А.Алимов, Н.Пернебай), «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 2 спортшы (Е.Ерғалиев, Е.Сәулебеков) иеленді және 9 спортшымыз спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына енгізілді.
2023 жылдың 17-18 наурыз аралығында Ригада (Латвия) өткен дзюдодан Еуропа Кубогында жерлесіміз Еламан Ерғалиев 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленсе, 25 наурыз-2 сәуір аралығында Албания мемлекетінің Дуррес қаласында өткен ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. 4-6 мамыр күндері Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында гір спортынан Азия чемпионатында Әділет Қалжанов 68 келі салмақ бойынша ІІІ орын иеленсе, әуесқой ересектер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Саят Әміртай ІІІ орын иеленіп, Азия чемпионатының жүлдегері болды. Сондай-ақ Астанада 6-11 маусым аралығында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында Әсемай Рүстемова 65 келі салмақта жастар арасында чемпион атанса, Ұлтай Сейлова жасөспірімдер арасында 80 келі салмақта қола жүлдегер атанды. №15 спорт мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Алтай Босния мемлекетінде 28-31 тамыз аралығында таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлде иеленсе, Ливан мемлекетінің астанасы Бейрутте өткен Азия чемпионатында күміс жүлдені қанжығалады.
Одан бөлек өткен жылдың 25 тамыз-1 қыркүйек аралығында Алматыда армрестлингтен Әлем чемпионатында жерлесіміз Азамат Мұхамедияров пара армрестлингтен 65 келі салмақта жеңімпаз болса, 4-6 қазан аралығында Бішкекте өткен самбо күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатында 65 келі салмақ дәрежесінде Әсемай қызымыз қола жүлдені қанжығасына байлады. Одан бөлек Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен гір спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Еркебұлан Кенжебек және Саят Әміртай қола жүлдені жеңіп алды.
Иә, аудан спортшыларының шығар биігі мен алар асуы әлі де алда. Бұл ретте салада белсенді жұмыстар атқарыла береді. Ерікжігері мықты, намысты бапкерлеріміз барда қасиетті топырағымыздан талай спортшы өсіп шыға бермек!
Нұрбол МЫРЗАБАЕВ,
аудандық дене тәрбиесі, спорт және
туризм бөлімінің басшысы
23 мамыр 2024 ж. 731 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 109

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930