» » Әлемдегі ең ерекше ойындар

Әлемдегі ең ерекше ойындар

Спорт – саулық кепілі. Сондықтан әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, тіпті бар ғұмырын соған арнап жатады. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі – футбол екені белгілі. Ал біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Кей адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Ал бүгінгі әңгімемізді ерекше спорт түріне арнайық.
Шахбокс
Шахбокс – 2003 жылы, яғни ХХІ ғасырда пайда болған жаңа спорт түрі. Бұл ойын – шахмат пен бокстың қосындысы. Шахбокстың концепциясы Энки Билалдың «Froid-Equateur» роман-комиксіне негізделіп жасалған. Кейін Ипе Рубинг бұл қиялды шынайы іске асырды. Ойын 11 раундтан тұрады. Шахматта әр ойыншыға 12 минут беріледі. Бір шахмат раунды 4 минуттан, ал бокс раунды 3 минуттан болады. Жеңімпаз ойында болған нокаутқа немесе мат қоюға байланысты анықталады. Шахмат ойынында тең түсіп, бокста нокаут болмаса, онда бокстағы ұпай санымен жеңіс беріледі. Егер бокста теңдей түсіп қалса, онда қара фигурамен ойнаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Бузкаши
Моңғол елінің жауынгерлерін дайындау мақсатында пайда болған «Бузкаши» ойыны «Көкпар» ойынына ұқсас келеді. Қазіргі таңда Тәжікстан және Ауғанстан аумағында кеңінен тараған. «Бузкаши» сөзі, «буз» – ешкі, «каши – қашу, алып қашу деген мағына береді. Ойында жылқы мен серке пайдаланылады, яғни ойыншылар жылқының үстіне мініп, серкені алаңның екі шетінде орналасқан қазанға салу керек. Ойын екі кезеңнен тұрады және ойын арасы 20 минуттан. Көкпар ойынынан ерекшелігі – серкенің артқы сирақтарын кеспейді, тіпті кей аймақтарда серкенің төрт сирағын да бүтін қалдырып, көкпар тартады.
Скибоб
Бұл қысқы спорттың ең қауіпті түрі. Скибобтың ерекше ережесі – жоғары биіктіктен төменге қарай түсу керек. Алайда шаңғы немесе сноубордпен емес, велосипед тебуіңіз басты шарт болып табылады. Экстремалды спортты жақсы көретін көптеген адамдар осы ойында бақтарын сынап, қатысып жатады.
Боссабол
Барлығымыз волейбол ойынын жақсы білеміз. Аталған ойын – волейбол ойынының аздап қиындатылған түрі. Бұл ойында керекті құралдардың бірі – батут. Боссабол ойыны тек стандартты ережелерді ұстанып қана қоймай, сонымен қатар түрлі қызықты трюктерді де атқара алады. Аталған спорт түрі Бразилия мемлекетінде кеңінен таралған.
Кабадди
Кабадди ойыны осыдан 4 мың жыл бұрын пайда болған. Бұл спорт түрі Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерінде кеңінен таралған. Бүгінгі таңда Кабадди ойыны ресми түрде Азия ойындарына енгізілген. Ойын үшін екі команда қажет. Әр командада 7 адамнан болу керек. Өрістің екі бөлігі сызықпен бөлінеді. Бұл бөліктер командалардың аумағы, яғни алаңға екі топ шығып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ереже бойынша өзің ұсталып қалмай, қарсылас топтың ойыншыларына қолыңды тигізіп, дауыстап «Кабадди» деп айту керек. «Кабадди» сөзі «дем алмау» деген мағынаны білдіреді.
27 наурыз 2024 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031