» » Аяқдоп шебері

Аяқдоп шебері

Қазір қазақ футболы әлемге таныла бастады. Бұған ұлттық құрамамен жекеленген футбол клубтарының түрлі жарыстағы жетістіктері дәлел. Ал біз Қармақшыдан шыққан аяқдопшылар туралы білеміз бе?
Ауданда футбол спортына елеулі үлес қосып жүрген спортшылар бар. Бүгінде олар ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп, елдің абыройын көтеруде. Солардың бірі – жерлесіміз Олжас Алтайұлы.
Ол 1989 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Әкесі Алтай Жыңғылбаев Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернационалист жауынгер. Тағдырдың жазуымен бұл дүниеден ерте өткен. Анасы Күлжаһан Кемелбаева Т.Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейде ұзақ жылдар бойы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.

Олжас аудандағы No250 орта мектепте білім алған. Алғашқы футболға деген қызығушылығы мектеп табалдырығында жүргенде басталады. Сыныпаралық, одан мектепаралық жарыстарға қатысып, футбол үйірмесі жаттықтырушысының көзіне түседі. Аудандағы жаттықтырушы Б.Байшылықовтан тәлім алады. Оқушы кезінен аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға барып, үздіктер қатарынан көрініп марапатталады. Ол 2005-2009 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында колледжде білім алса, сол жақта жүріп 2007 жылы «Ақтөбе-Жас» клубына алынады. Қаншама шебер футболшылармен бірге жүріп, бірге даярлық жасап, нағыз кәсіпқой қорғаушы болып қалыптасады. 2012 жылы «Ақбұлақ» клубында ойнап, сол жылдың жазында «Астана-1964» футбол клубына ауысады. Одан 2013 жылы өзіміздің облыстың «Қайсар» клубымен келісім-шартқа отырады. Төрт жылға жуық туған жерінде доп тебеді. Сол жылы І лиганың «Үздік қорғаушы» номинациясымен мадақталады. 2017 жылы «Қызыл-Жар СК» клубымен келісім-шартқа отырып, сол командада жақсы өнер көрсетеді. Нәтижелі ойынымен көзге түскен ол тағы І лиганың «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленеді. 2019 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алады. Одан соң туған жеріне оралып «Қайсар», «Байқоңыр» клубында ойнайды.
Бүгінде жерлесіміз кәсіпқой футболшылық жолын аяқтап, Қызылорда қаласында тұрады. С.Толыбеков атындағы No3 IT мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Мектепте үздік мұғалімдер қатарында. Олжастың өзі сияқты талай жеткіншекті кәсіпқой футболшы етіп тәрбиелеп шығаратынына сенеміз.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ

Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 
14 қаңтар 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031