» » «Қайсар» футбол клубының жаңа бапкері тағайындалды

«Қайсар» футбол клубының жаңа бапкері тағайындалды

Бүгіннен бастап «Қайсар» футбол клубын тәжірибелі бапкер Виктор Кумыков жаттықтырады. Жаңа бапкердің жетекшілігімен 15-27 желтоқсан аралығында қайсарлық футболшылар Түркия елінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізбекші. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафаев хабарлады.
-«Қайсар» футбол клубы жаңа маусымда Виктор Кумыковпен жаттығатын болады. Виктор Болютович спорт саласында өте тәжірибелі мамандардың бірі. Ол бұған дейін де қызылордалық клубта жұмыс істеген. Сондай-ақ «Елімай», «Есіл», «Шахтер», «Ордабасы», «Атырау», өзбекстандық «Мащьал», «Насаф», «АГМК», «Андижан» клубтарында жетекші болған. Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет «Шахтерді» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеткізді. Сонымен қатар, үш мәрте Қазақстанның үздік бапкері. «Шахтер» ФК екі дүркін премьер-лига жеңімпазы атандырса, бір мәрте Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері болды. Ал 2008 жылдан бері PRO категориялы жаттықтырушы болып қызмет атқарып келеді. Бас бапкердің көмекшісі қызметін Олег Корниенко атқаратын болса, жергілікті маман Қанат Әлиев «Қайсардың» бапкерлік штабында жұмыс істейтін болады. Жалпы «Қайсар» футбол клубы жаңа маусымға үлкен дайындықпен қадам баспақ, - деді «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафаев.

Мұнан өзге, футбол мансабын аяқтаған мақтанышымыз Мақсат Байжанов биылдан бастап спорт директоры қызметін атқарады. Кемел кезеңге жеткен Мақсат «Қайсардың» жарқын болашағы үшін атсалысады.

13 желтоқсан 2022 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930