» » Қармақшыда үстел теннисінен аудандық спорт клуб біріншілік өтті

Қармақшыда үстел теннисінен аудандық спорт клуб біріншілік өтті

qarmaqshy-tany.kz 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай үстел теннисінен кіші жасөспірімдер арасында аудандық спорт клуб біріншілік өтті.
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында үстел теннисінен аудандық біріншілігі Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде өтті. Жарысқа барлығы 49 спортшы қатысты.
Спорттық шараның негізгі мақсаттары: 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнін кең көлемде атап өту, Үстел теннисін аудан көлемінде дамыту, Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кіші жасөспірімдердін достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Жарыс қортындысы - Қыздар арасында:
ІІІ орын – Темірбекова Інкәр
ІІІ орын – Бақытбекова Медина
ІІ орын – Жарылқасын Нұрбану
І орын – Атахан Нұрбану
Үздік ойыншы номинациясымен Мұхтар Еркеназ және Дарханқызы Айшабибі марапатталды.
Ұлдар арасында:
ІІІ орын - Назар Нұрислам
ІІІ орын – Бектайев Рамазан
ІІ орын – Кеңес Қайсар
І орын – Назар Нұрбек
Үздік ойыншы номинациясымен Әбдіразақов Мақсат және Болат Рамазан марапатталды.
Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер спортшыларына Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің «Спорт клубының» дипломдары және аудандық мәдениет және спорт бөлімінің медальдарымен марапатталды.

28 тамыз 2023 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10324)

27 шілде 2024 ж.

№58 (10323)

23 шілде 2024 ж.

№57 (10322)

20 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке

Көк тәбішке

12 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 171

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031