» » Білікті бапкер атындағы турнир

Білікті бапкер атындағы турнир

qarmaqshy-tany.kz Жақында кентімізде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында самбодан Республикалық турнир өтті. бұл сынға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстары, Шымкент, Байқоңыр қаласы, Тәжікстан Республикасы және аудан командаларынан 120-ға жуық палуан қатысты. Турнир 10 салмақ дәрежесі бойынша сараланды.
Спорттық шараны аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып берсе, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты Садық Мұстафа пен Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Нұртілеу Салықовтар құттықтау сөз алды.

Әділбек Серікбаев – көзі тірісінде алақандай ауылдан жетпіске жуық спорт шебері мен халықаралық, құрлықтық бәсекелердің чемпиондарын даярлаған білікті бапкер. Самбодан Тәйімбет Көмекбаев мемориалының халықаралық деңгейге көтерілуіне үлес қосты. Сол додада томағасын сыпырған талай балуан ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүр.

– Алғашында аймақтық деңгейде өткен бұл дода, биыл республика көлемін қамтуда. Спортшылардың деңгейі жоғары. Қазақстан, Тәжікстан Республикасының чемпиондары, жүлдегерлері қатысып жатыр. Өзінің шеберлігін жетілдіріп, дамытып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыратын, жас спортшылардың шеберлігін шыңдайтын турнир болады деп сенеміз. Алда Әлем, Азия чемпионаттарында осы турнирден өтіп шыққан спортшылар үлкен спорттық белестерді бағындыратынына сенімдіміз, – дейді аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрбол Мырзабаев.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері салмақ дәрежелері бойынша медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
23 мамыр 2023 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031