» » Шаршы алаң шеберлері жарысы

Шаршы алаң шеберлері жарысы

qarmaqshy-tany.kz Аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде жылдағы дәстүрмен жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан спортына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Құрмет белгісі» медалінің иегері Қуаныш Қаражанов атындағы республикалық дәстүрлі
Жарысқа Алматы, Семей, Қызылорда қалаларынан, Жамбыл, Алматы, облыстарымен бірге, облысымыздың барлық өңірінен жас былғары қолғап шеберлері қатысты.

Қуаныш Қаражанов ауданымыздың тумасы. Ол спорттағы еңбек жолын туған жерінде бастап, спорттың бокс түрінен көптеген жастарға тәлім берді. Оның шәкірттері арасында Өміржан Әбдірахманов полицейлер арасында бірнеше мәрте Әлем жеңімпазы атанса, Самал Бисенов Азия чемпионатының жүлдегері, Абай Тұрғанов, Жандос Топаев сынды шәкірттері ұстаз жолын жалғастырып, ауданда боксты дамытуға үлес қосуда. Сонымен қатар, Қуаныш Қаражанұлының тағы бір шәкірті Дәулет Аббазұлы кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, спорт саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды саралып, жерлес спортшылардың қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, спорт ардагерлері Еркін Атабаев, Қуаныш Қаражанов сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс үш күнге созылып, оның қорытындысымен әр салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар аудандық мәдениет және спорт бөлімінің дипломдарымен, демеушілер тағайындаған сыйсияпатпен құрметтелді.
Жарыс барысында жерлестеріміз де үздіктер қатарынан көрінді.
Н.Жанәділов
18 мамыр 2023 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930