Спорт - денсаулық кепілі
qarmaqshy-tany.kz Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа көңіл бөліп, жақсы әдет қалыптастыру, ұжымдық ауызбіршілік, достық қарым-қатынас орнату, уақытын тиімді пайдалану, тәни белсенділігін арттыру арқылы денесін шынықтырып, сымбаттылығы мен денсаулығын нығайту, жақсы өнеге үйрену, жеңіс пен жеңілістің дәмін сезіну, өзіне сенімділікті арттыру, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, сол сияқты спорттың көптеген пайдалы жағын сезінсін деген мақсатпен кеше аудан орталығындағы Тәйімбет Көмекбаев Атындағы Мектеп-лицей де, Қармақшы Аудандық Орталық Аурухана, Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы және СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларының арасында "Біз спортпен біргеміз!" ұранымен "Көңілді эстафета" сайысы өтті. Сайыста 3 команда 7 түрлі бағытта бақ сынасты. Балалардың спортқа қызығушылығынан, ептілігі мен белсенділігінен сайыс тартысты әрі қызықты өтті.
Сайысқа мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен психолог Ә.Кетебаева төрелік етіп,жеңімпаз командалар анықталды.
Лайықты орынмен ойыншы топтар сала мамандарының арнайы дипломы және сыйлықтарымен марапатталды.
Бастысы жеңіс емес,қатысу.
Спорт арқылы көптеген жеңістерге мақсат қоюға болады.
Әр күнімізді пайдалы істерге арнайық, жас ДОС!
Пікір 2