» » Балғындар ерледі

Балғындар ерледі

Жақында ауданда самбодан 2009-2010 және 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында облысаралық ашық біріншілік өтті. Оған аймақтан 200-ден аса спортшы қатысты.
Жарыста жас спортшылар 8 салмақ бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде No250 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Айдын Абайұлы 26 келі салмақ бойынша жеңімпаз атанды. Айдын жаттықтырушысы Арман Жалғасбекұлында екі жылдан бері жаттығып келеді. Ол сол аралықта республикалық және облыстық жарыстарда жеңімпаз атанған.
– Шәкіртім еңбекқор. Жаттығу барысында берілген тапсырманы аяғына дейін жеткізіп орындайды. Соның арқасында жарыста жүлделі орын алып жүр. Егер спорттан қол үзбесе ертең биіктен көрінетініне сеніміміз мол. Жалпы шәкірттерімнің барлығы намысқой, таланты бар балалар. Мәселен, сол жарыста Дәулет Сәдуақас 2-орын алса, Қайсар Берікбаев 3-орыннан көрінді. Нәтиже жаман емес. Болашақта ауданның намысын көтеретін палуандар шығады деп ойлаймын, – дейді жаттықтырушысы.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
https://www.instagram.com/p/CoEOaVrK5f9/?utm_source=ig_web_copy_link
31 қаңтар 2023 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 848
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930