» » Аудан спортының жарқын сәттері

Аудан спортының жарқын сәттері

qarmaqshy-tany.kz Өткен жыл қармақшылық спортшылар үшін табысты жыл болды. Оған дәлел, жас ауыратлеші Ерасыл Сәулебек Мексикада жасөспірімдер арасында өткен Әлем біріншілігінде 67 келі салмақ бойынша жұлқа, серпе көтеруден және қоссайыста Әлем чемпионы, ал Мақсат Исағабылов дәстүрлі республикалық «Қазақстан барысы» жарысында оза шауып, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Португалия мемлекетінің Вило Реалди Санту Антонису қаласында IWAS-2022 ойындарында жеңілатлетші Мейржан Мақшат жүлделі ІІ орынды иемденсе, енді бір жерлесіміз Нұрсұлтан Көлдеев Бразилияның Кашнас-ду Сул қаласында ХХIV жазғы сурдолимпиадасында он сайыстан өткен жарыста жалпы ІV орынды иеленді. Сонымен қатар, жерлесіміз Аружан Хамитова гандболдан өткен Азия чемпионатында «Үздік ойыншы» номинациясы иегері атанды.
Өткен жылы ауданда денешынықтыру және бұқаралық спортпен 20552 адам шұғылданды. Ауданның спортсүйер қауымы 11 олимпиадалық спорт, 4 ұлттық ойындары мен 7 олимпиадалық емес спорт түрлерімен айналысты.
Сондай-ақ, ауданда спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 275 спорттық шара өткізілсе, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған республикалық жарыс, бокстан Қуаныш Қаражанов атындағы республикалық жарыс, Ерлан Нысанбаевты еске алға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыс, қыздар арасында гандболдан Тілеуімбет Айтбаевты еске алу мақсатында аудандық жарыс, дзюдодан жасөспірімдер арасында «Достық Жер МК» ЖШС-нің жүлдесі үшін, волейболдан Қасым Жұмағалиевты еске алуға арналған, сонымен қатар Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналған ұлттық ойындар, гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тілеуімбет Айтбаев атындағы облыстық жарыс, шағын футбол мен гандболдан, волейболдан аудандық чемпионаттар, «Алтын күз» спартакиадасы және «Алтын дән – 2022» мерекесіне орай ат жарысы өткізілді.
Осындай игі істер басында жүрген 9 жаттықтырушыға «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты» біліктілігі және 1 төрешіге «Спорт төрешісі» біліктілік санаты берілді.
Жалпы жерлестеріміз өткен жылы Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен кубоктарында 16 алтын, 6 күміс және 16 қола медаль жеңіп алса, Әлем және әлемдік Гран-при жарысында 3 алтын, 1 қолаға ие болды. Жерлестеріміз арасында 3 спортшы «Спорт шебері», 60 спортшы «Спорт шеберлігіне үміткер», ал 10 спортшы «І санатты спортшы» санаты атағын иемденді.
Келесі кезекте ауданда спорт және денешынықтыру саласы бойынша тұрғындарға қызмет көрсететін 2 спорт мектебі мен 2 спорт клубының өткен жылы атқарған жұмыстарына тоқталсақ. Спорт саласының майталманы Алмат Қодаров басқаратын No15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі таңда тәрбиеленетін 1160 оқушыны 31 маман спорттың 14 түріне баулуда. Аталмыш спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы және Төретам кенттері мен Қармақшы ауылдық округінде жұмыс жасайды.
Мектеп шәкірттері арасында Әлемдік, халықаралық, азиялық, республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып, мектеп мерейін тасытып жүргендер де жетерлік. Олардың қатарында ауыр атлеттер Ерасыл Сәулебек, Алина Калиушко, Мұхаммедәли Қойшыбек, Мұхаммедәли Қасқырбеков, самбошы Әсемай Рүстемова, Сартай Рахатәлім, Әділет Үбайділда, Әділет Жүніс, боксшы Нұрсая Орақова, Гүлсезім Садықова, дзюдошы Мағжан Ібіраш, жеңілатлеттер Рақымжан Келманов, ағалы-інілі Данияр мен Мұхамедияр Әбілахатовтар, Мирас Жақсылық, Салауат Мұратұлы, Кәусар Каган, Бекзат Сәдуахан, Назымсұлу Камалханова, Сымбат-Қымбат Мырзашқызы, таэквондошы Константин Ким, Мадина Бижанова, Айзере Алпысбаева, Рамазан Беріков, Жұлдызай Кеңесова, Зарипа Зәкір және басқалар бар.
Осындай жетістіктерге қол жеткізген аталмыш спорт мектебі облыс бойынша жыл қорытындысымен жүлделі ІІІ орынға көтерілсе, мектеп бойынша Айдар Ерәлиевтің ауыратлетшілері І орынды, Ақан Ибрашевтың шәкірттері ІІ орынды, ал Рашида Сарбасованың жас жеңілатлеттері жүлделі ІІІ орынды иемденді.
Білікті сала маманы Ғалымжан Ержанов басшылық ететін No16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тыныс-тіршілігіне келер болсақ, бұл мектеп те өз дәрежесінде жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, бұл спорт мектебінің негізінен ауданға қарасты Жосалы және Төретам кенті мен 10 елді мекенде орналасқан спорт мектеп филиалдары жұмыс жасайды. Мектепте спорттың 9 түрінен 61 топта 784 оқушы жаттығады. Оның ішінде, 17 спорттық сауықтыру тобында 298 оқушы, 21 алғашқы дайындық топтарында 262 оқушы, 23 оқу-жаттығу тобында 224 оқушы жаттығады.
Осы жылы спорт мектебінде 23 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 8 жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», 1 жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» болса, 1 жаттықтырушы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты жаттықтырушы». Сонымен бірге, аталмыш спорт мектебінде 33 «спорт шеберіне үміткер» және 10 «І спорттық дәрежесі» бар оқушы жаттығады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өткен жылдың қыркүйек айынан бастап волейбол, гандбол, белбеу күресі, самбо және қазақ күресі спорт бөлімшелеріне 166 спортшы қабылданды.
Бұл мектепте де шәкірттер жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Ерасыл Құдабай қазақ күресінен ауыл жасөспірімдері арасында өткен ІV жазғы ойындарында жеңімпаз атанса, Ұлтай Сейілова самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдегер атанып, аудан мерейін тасытты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
11 қаңтар 2023 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031