» » Ералиевтің шәкірттері ерледі

Ералиевтің шәкірттері ерледі

qarmaqshy-tany.kz Жуырда Өскемен қаласында зілтемір көтеруден 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан біріншілігі өтті.
Еліміздің барлық аймағынан өз салмақ дәрежесі бойынша үздік деп танылған спортшылар арасында өткен дүбірлі жарысқа біздің де жерлестеріміз қатысты. Атап айтқанда, олимпиадалық резервтің мамандандырылған No15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің зілтемір бөлімінің жаттықтырушысы Айдар Ералиевтің шәкірттері аймақ намысын қорғады.
Екі күнге созылған дүбірлі жарыс қорытындысымен 54 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен жерлесіміз Алина Колиушко қоссайыс нәтижесімен жарыс жеңімпазы деп танылса, келесі күні 73 келі салмақ бойынша жарыс жолына түскен Ерасыл Сәулебек те қоссайыс, яғни серпе және жұлқа көтеру қорытындысымен ел чемпионы атанды. Ал тағы бір жерлесіміз Мұхаммедәли Қасқырбеков өз салмағы бойынша серпе және жұлқа көтеруден жүлделі ІІІ орынға көтеріліп, Сыр спортшыларының шыларының мерейін мерейін тасытты.
Жалпы жарыс барысында облыс құрамасы командалық І орынды жеңіп алды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
15 қараша 2022 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 219

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930