» » Жарыс жалауы желбіреді

Жарыс жалауы желбіреді

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптада аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде жас боксшы, түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарған жерлесіміз Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық ашық жарыс 8 рет жалауын көтерді.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жас былғары қолғап шеберлерін құттықтап, сәттілік тіледі.
– Қазіргі өркениеттер үндесуі заманында спорттың қоғамға тигізер орны ерекше екені белгілі. Мемлекеттік тұрғыдан да спорт саласын дамыту арқылы азаматтарымыздың денсаулығының мықты болуына аса мән беріліп отыр. Оның ішінде спорттың бұқаралығын арттыру – басты ұстаным қатарында. Себебі жекелеген спортшылардың жетістігімен емес, біз ұлттың денсаулығымен, қоғамымыздың салауаттылығымен мақтануымыз керек. Биыл өңірімізде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен қала, аудандарда демеушілікпен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 820 спорт және ойын алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде ауданымыз бойынша құны 10 млн теңгеден асатын 8 ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі денешынықтыру және сауықтыру кешені бой көтерді. Олар алдағы уақытта іске қосылады деп күтілуде. Ауданымызда жыл сайын спорт түрлері бойынша бірнеше деңгейдегі спорттық жарыстар өткізілсе, олардың қатарында Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған республикалық жарыс биыл 8 рет рыс биыл 8 рет өткізіліп отыр. Қазіргі таңда ауданымызда 250-ге жуық жасөспірім спорттың бокс түрімен жүйелі түрде шұғылданып, көптеген жетістікке қол жеткізіп отыр.
Азия біріншілігінің жүлдегері Самал Бисенов пен полицейлер арасында әлемнің 5 дүркін жеңімпазы Өміржан Әбдірахманов аудан мақтанышы. Түрлі спорттық байрақты бәсекелерде өңір спортшылары биылғы жылы да Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 15 алтын, 5 күміс және 16 қола медаль, сонымен қатар Әлем біріншілігінде 3 алтын, әлемдік Гран-Приде 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, Мексиканың Леон қаласында жасөспірім зілтеміршілер арасында теміршілер арасында өткен Әлем біріншілігінде өз салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Ерасыл Сәулебек Әлем чемпионы атанса, енді бір жерлесіміз Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алып, аудан мерейін тасытты. Сондай-ақ, «Бала барыс – 2022» жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен сайыста Әлихан Әлиасқаров бас жүлдені жеңіп алды. Алдағы уақытта ауданымыздан Олимп шыңын бағындыратын спортшылар шығатынына сенімім мол. Сондықтан ұйымдастырылып отырған спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан елінен келген командалардың қатысуы жарыс ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан бүгінгі байрақты бәсекеде шашасына шаң жұқтырмай озып шыққан өрендеріміз ертеңгі күні елдің абыройын қорғап, көк туымызды әлем алдында асқақтататынына сенімдіміз, – деді аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы.
Содан соң сөз алған еңбек ардагерлері Зал Шегебаев, Сақтапберген Медеуов және басқалар жас спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Міне, жанкүйерлердің асыға күткен жарысы да басталып, шаршы алаңда өзара жұдырықтасуға шыққан жас боксшылардың өнерін тамашалады. Сонымен Алматы, Жамбыл сынды аймақтарынан және Өзбекстаннан екі команда, Қырғызстан мен Тәжікстаннан, аймағымыздың барлық өңірінен 100-ден астам балғын былғары қолғап шеберлері қатысқан дүбірлі жарыс қызықты да тартысты сәттерге толы болды. Оның қорытындысымен 44 келі салмақ дәрежесі бойынша Қырғыз елінен келген былғары қолғап шебері Ясур Тайлайбекуулу жеңімпаз атанса, 46 келі салмақта қызылордалық Тәңірберген Абдулдаханұлының мерейі үстем болды. Сонымен қатар 48 келіде алматылық Мадияр Шабалиев, 50 келі салмақта қырғызстандық Эрлан Эргалиев, 52 келіде тағы бір алматылық боксшы Мұхит Нұрқабылұлы, 54 келі салмақта Өзбекстан боксшысы Мурадил Сайдназаров, 57 келіде алматылық Нұрзада Бағдарәлі, 60 келіде Түркістан қаласының боксшысы Думан Анарбектің мерейі үстем болды.
Ал 63 және 70 келі салмақ бойынша шаршы алаңда өнер көрсеткен қармақшылық Ердәулет Маратұлы мен Мақсат Қуанышбектер барлық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанса, 66 келі салмақта қырғыз азаматы Нұрбол Бөлеков, 75 келі салмақ бойынша өнер көрсеткен Тасбөгеттен келген Марлен Бәйтерекұлы өз салмағында жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ дүбірлі жарыста көрермендер үшін ең қызықты да тартысты өткен 80 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан қызылордалық Әбілмансур Әзтай барлық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Ал Мұхаммеджан Рай, Дамир Сайрамов, Серік Бердібеков, Әлібек Жакенов, Жандәулет Қалмырзаев, Айдын Мырзабаев, Меделхан Нұрашев сынды жерлестеріміз өз салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІ және ІІІ орынды иемденді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық мәдениет және спорт басқармасының дипломдарымен, кубоктарымен ма- рапатталса, үздік өнерімен көрермен көзайымы атанған боксшылар, атап айтқанда «Үздік төреші» номинациясына өзбекстандық Ералхан Бегасилов, «Көрермен көзайымы» номинациясына қармақшылық Мақсат Қуанышбек, «Үздік боксшы» номинациясына өзбек Мурадил Сайдназаров және «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясына жалағаштық Серікбол Жұмағазы ие болды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
15 қараша 2022 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 299

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930