» » Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

Бүгін Бейжің Олимпиадасының соңғы жарыс күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де қысқы ойындардың жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жабылу салтанаты 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған «Құс ұясы» стадионында өтеді. 
Салтанатты шараның басты кейіпкерлері спортшылар болмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер -  жабылу салтанатының бас қаһармандары. 
Сонда-ақ, Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек. 
Айта кетелік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 20 ақпанда басталды. 
Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды. 
Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

20 ақпан 2022 ж. 1 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930