» » Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл – Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары. Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.
Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ.
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құрлық бәсекесіне алаңсыз жаттығуына бар жағдайды жасап, ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев атлеттердің дайындық барысын тікелей өз бақылауына алды.
Азия ойындары 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.
19 тамыз 2018 ж. 1 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 682

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031