ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚЫЗЫЛОРДАДАН 13 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.
Азия ойындары – 1951 жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Ал алдағы тамыз айында Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстаннан 419 спортшы спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.